Meta-ның үстінен $100 млрд өндіріп алу талап-арыз түсті

Шетелдік басылымдар Марк Цукербергтің компаниясына қарсы сотқа қомақты сома өндіруді талап еткен арыз түскенін хабарлады.

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Мета компаниясының қарсы сотқа талап-арыз түсті. Балаларға арналған алгоритмдеріне байланысты талап етіп отырған сома 100 миллиард долларды құрайды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Олардың мәліметінше, шағымды Огайо штатының прокуратурасы компания және штаттың зейнетақы жүйесіндегі инвестордың атынан берген.

«Facebook басшылығы балақайларға қамқорлық жасап, желіде кемсітушілкті жойып жатыр, бірақ шын мәнінде ол өз пайдасы үшін пайдаланушыларды бөліп тастады», — деп мәлімдеді Огайо бас прокуроры Дэйв Йотс.

Талап-арызда компания басшылығы 2021 жылғы 29 сәуір мен 21 қазан аралығында пайда табу үшін федералдық заңнаманы бұзып, кәмелетке толмағандарға ақпарат теріс әсер етуі мүмкін екенін айтып, қоғамды жаңылыстырды деді. Талапкерлер, залалды өтеуден бөлек, Meta басшылығынан инвесторларды жаңылыстырмау үшін шара қабылдауды талап етті.

Добавить комментарий