Сейсенбі, 10 қаңтар күні Қазақстанның барлық аумағы бойынша ауа райы болжамы «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, көктайғақ болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33… -35°C, күндіз -28… -30°C болады.
Алматыда бұлтты, қар жауады, жел 5 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -4… -6 ° C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -7… -9 ° C.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15… -17 ° C, күндіз -9… -11 ° C болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -34… -36 ° C, күндіз -29… -31 ° C болады.
Атырауда жауын-шашынсыз, 6-11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -22… -24 ° C, күндіз -18… -20 ° C болады. Облыстың солтүстігінде -30 ° C дейін қатты аяз болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -28… -30 ° C, күндіз -20… -22 ° C болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -26… -28 ° C. Облыстың солтүстігінде -36 ° C қатты аяз болады.
Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -32… -34 ° C, күндіз -27… -29 ° C.
Қонаевта бұлтты, қар жауады, жел 97-12м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4… -6 ° C. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33… -35 ° C, күндіз -26… -28 ° C болады. Түнде облыстың шығысында -40 ° C қатты аяз болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -14… -16 ° C, күндіз -9… -11°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -29… -31 ° C, күндіз -26… -28 ° C болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -32… -34 ° C, күндіз -25… -27 ° C.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -20… -22 ° C.
Талдықорғанда күн бұлтты, қар жауады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5… -7 ° C, күндіз -3… -5 ° C болады. Оңтүстікте, таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.
Таразда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -5… -7 ° C.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -16… -18 ° C, күндіз -7… -9 ° C болады. Оңтүстікте, облыстың тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -30… -32 ° C, күндіз -23… -25 ° C болады. Түнде солтүстік-шығыста, шығыста қатты аяз болады — -35 ° C дейін.
Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -15… -17 ° C.