300 мың теңге жәрдемақы төленетіні туралы таралып жатқан видео шындыққа жанаспайды

Қазақстандықтар арасында елдің әрбір азаматына 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетіні туралы тағы бір хабарлама тарап жатыр.

Желіде таратылып жатқан видеолардың бірі — қазақстандық КТК телеарнасының қайта дыбысталған жаңалықтар сюжеті. Қайта дыбысталған нұсқада Қазақстанның әрбір азаматына 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетіні туралы айтылған.

Алайда телеарнаның ресми сайтында мұндай жәрдемақы туралы ешқандай жаңалық жоқ, сондай-ақ Қазақстан президентінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайттарында осы сияқты төлем төленетіні туралы ешқандай хабарлама жоқ.

Сонымен қатар, аталған хабарламаны бірде-бір ресми ақпарат көзі растамады.

Добавить комментарий