WhatsApp әзірлеушілері жаңа әлеуметтік желіні іске қосты

WhatsApp-тың бұрынғы қызметкерлері Нирадж Арора мен Майкл Доннохью HalloApp деп аталатын жаңа әлеуметтік желіні іске қосқанын хабарлады. Қосымшаның техникалық ерекшеліктері туралы The Verge басылымы хабарлады.

HalloApp-та адамдарды тек телефон нөмірлері арқылы қосуға болады. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл әлеуметтік желі пайдаланушыларына жеке деректері құпия сақталады. Бағдарламаның интерфейсі бар болғаны төрт бөлімнен тұрады: жаңалықтар таспасы, топтық чат, жеке жазбалар және баптаулар.

Жаңа әлеуметтік желінің бәсекелестерінен айырмашылығы, онда алгоритмдік жаңалықтар таспасы қолданылмайды, сондай-ақ жарнама мүлдем болмайды. Сондай-ақ, HalloApp қосымшасы қауіпсіз, ал хат алмасуды әзірлеушілердің өзі оқи алмайтындай етіп шифрланған.

Компанияның блогында Арора жаңа қосымшаны дәстүрлі әлеуметтік желілерге қарсы әрекет деп атады.

«Жаңалықтар таспасында сіз қаламайтын адамдардың жазбалары болмайды. Сіз парақшалардан алгоритм көрсететін емес, өзіңіө көргіңіз келетін жазбаларды көресіз. Сізге тауар ретінде қарамайды», — деді компанияда өкілі.

HalloApp әзірлеушілері жарнама мүлдем болмайды деп уәде берді. Болашақта жобаны ақылы жазылым арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр. Қазір қосымша iOS мен Android құрылғыларында қолжетімді.

Добавить комментарий