Қорғаныс министрлігі Киев түбінде фортификациялық құрылыстар салып жатыр

Украина Қорғаныс министрлігі Киев облысында фортификациялық құрылыстар салынып жатқанын хабарлады.

Хабарланғандай, бекіністер жау күшінің ықтимал жүретін жолында салынуда.

«Бекіністі күшейту жау күшінің ықтимал жүретін негізгі жолдарына соғыс басталғалы тәжірибемізді ескере отырып салынады. Сонымен, взводтық және роталық тірек пункттерінде жеке құрамды паналауға және тұруға арналған орындар жабдықталады және қорғаныс ұрысын жүргізуге арналған құрылыс салынады», — деп хабарлады Украина Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылыстар үшін арнайы армирленген бетон пайдаланылады. Конструкция әскерилерді қарсыластың шабуылынан қорғайды және жауға оқ атуға мүмкіндік береді.

 

Добавить комментарий