Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Вашингтонда 13 метро бекеті жабылады

14 января 08:11 / Опубликовано в Әлем

Вашингтонда бір апта бойы қала орталығындағы 13 метро станциясы жабық болады. Мұндай шешім 2020 жылғы 20 қаңтарда өтетін Джозеф Байденнің ұлықтау рәсімі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды.

Қала орталығында метрополитен станциялары жұма күнінен бастап келесі бейсенбіге дейін жабық болады. Сонымен қатар, Видефелд атап өткендей, 26 автобус бағыты өзгертіледі. Бұл шаралар ұлықтау рәсімі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты елдің бірінші тұлғаларын күзетумен айналысатын Құпия қызметпен бірлесіп қабылданды.

“Біз халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзетілетін аймаққа [елорда орталығында] баруға кедергі жасау мақсатында біздің өңірлік және федералдық серіктестерімізбен тығыз ынтымақтастықта қызмет атақаратын боламыз, – деп түсіндірді Видефелд. – Құқық қорғау органдарының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі жоспарларын қолдайтынымызбен қатар, біз де жұмысқа, дәрігерлер мен дүкендерге баруға қажеттілігі бар тұрғындарымызға маңызды қызметтер көрсетуді жалғастырудамыз”.

Басқарма хабарлағандай, жұмадан бастап метро станцияларында пойыздарды күту уақыты 12-15 минутқа жетеді. Олар жабық станцияларда тоқтамай жүріп өтеді.

АҚШ астанасының орталығындағы жолдардың бір бөлігі инаугурацияға дайындалуына байланысты сейсенбі күні түстен кейін жабылды. Елдiң Ұлттық гвардиясының шамамен 20 мың әскери қызметшiсi қалада қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге атсалысатын болады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қаңтарда төтенше жағдай режимі енгізілетінін жариялап, ұлықтау рәсімі алдында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты АҚШ астанасы билігіне федералдық көмек жолдады. Вашингтон әкімшілігінің басшысына демалыс күндері Конгрестегі тәртіпсіздіктерден кейінгі ықтимал қауіп-қатерлерге байланысты елорда әкімі Мюриэл Боузер жүгінді. Бұған дейін, 11 қаңтар күні АҚШ билігі АҚШ астанасында қауіпсіздік шараларын жоспарланғаннан алты күн бұрын күшейту туралы шешім қабылдады.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: АҚШ, Вашингьон, Джозеф Байден, метро бекеті, ұауіпсіздік шаралары, ұлықтау рәсімі

Читать ещё

Кара-Мурза АҚШ Әділет министрлігінен өзінің улануы бойынша сараптама қорытындысын алады
Еурокомиссия Кипр мен Мальта азаматтығын заңсыз беруді тексеруде
Әзірбайжан: Путиннің қолы – Таулы Қарабақ бойынша қол жеткізілген келісімдердің қайтымсыз кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Медициналық сақтандыру қорына ең көп қаражат мемлекеттен түсті

    Өткен жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қо...
  • Жамбыл облысында полиция қызметкері әйелді өлтірді

    Полиция қызметкері қызметтік көлікпен қарама-қа...
  • Сотталғандар азаптау туралы электронды форматта шағымдана алады

    Азаптауды аса ауыр қылмыстар қатарына ауыстырад...
  • Шешенстан Республикасында жасырын банданы жою операциясы аяқталды

    Шешенстан Республикасының Президенті Рамзан Қад...
  • Нұр-Сұлтанда бассейнде қыз суға бастып кетті

    Елорданың құқық қорғау органдарының қызметкерле...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: