ЕО дипломаттары Навальныйдың адвокаттарымен кездесті

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ Алексей Навальныйдың дереу босатылуын күтетінін мәлімдеді.

Еуроодақ дипломаттары Боррельдің Мәскеуге сапары кезінде РФ-да сотталған Алексей Навальныйдың адвокаттарымен байланысқа шыққаны белгілі болды. Бұл туралы сенбі күні Брюссельде таратылған Еуроодақ сыртқы саяси қызметінің мәлімдемесінде айтылған.

«(Боррель — ред.) ЕО Сыртқы істер министрлері осы айда Сыртқы істер кеңесінде Навальныйға шығарған үкімнің салдарын және химиялық қаруды қолдануға тыйым салған ЕО-ның одан арғы әрекеттерін талқылайтынын мәлімдеді. Боррель мырзаның сапары кезінде ЕО дипломаттары Навальный мырзаның адвокаттарымен байланыста болды», — делінген хабарламада.

Құжатта айтылғандай, Боррель Мәскеуде «Еуроодақ Навальныйдың, сондай-ақ жақында болған наразылық шаралары кезінде ұсталғандардың дереу және сөзсіз босатылуын күтіп отыр».

Естеріңізге сала кетейік! Мәскеудің Симонов соты сейсенбі күні Мәскеу қалалық сотында өткен көшпелі отырыста ФСИН өтініші бойынша «Ив Роше» ісі бойынша Навальный сот үкімін орындау шарттарын үнемі бұзғандықтан шартты жаза мерзімін нақты мерзімге ауыстырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Шешім күшіне енгенге дейін Навальный тергеу изоляторында болады.

Добавить комментарий