ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулік ішінде қанша COVID-19 жұқтырған қанша науқас анықталғанын хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 21 жаңа жағдайы тіркелді.
Бір күн бұрын 39 адамның ПТР-тест нәтижесі оң нәтиже көрсеткен.
24 қазандағы жағдай бойынша, коронавирустан 944 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 97-сі стационарда, 847-сі амбулаториялық деңгейде.
Ауруға шалдыққандар арасында:
ауыр жағдайда — 3 пациент;
өте ауыр жағдайда — 3 пациент;
ӨЖЖ аппаратында — 2 пациент.
Елімізде 2020 жылдың наурызынан бастап коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 394 539 жағдайы расталды.