ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы “Елдің жоғары оқу орындарындағы Болон процесінің параметрлерін іске асыру жөніндегі баяндамасында” Satbayev University-ді жаппай ашық онлайн-курстар бойынша көшбасшы деп таныды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Баяндамада 2020 жылы Satbayev University 400 жаппай ашық онлайн-курстар әзірлегені атап өтілді (Қазақстанның барлық университеттерінің онлайн-курстарының жалпы санының 28%-ы). Пандемия кезінде қашықтықтан оқытуды жақсы ұйымдастыра білген үздік үштікке Рудный индустриялық институты (263 курс) және КИМЭП Университеті (246 курс) кірді.
Баяндамада Satbayev University-нің студенттердің көбіне қашықтықтан оқытуға мүмкіндігін беретін университеттердің қатарына қосылғаны атап өтілді. Қзіргі таңда Satbayev University-нің платформасында 9500-ден астам студент білім алып келеді, бұл онлайн-режимде оқитын барлық қазақстандық студенттердің 13%-ын құрайды. Студенттер 3000-ға жуық пәнді оқытуға мүмкіндік беретін онлайн-білім беру жүйесін алды, ал PolytechOnline Қазақстанда өз мазмұны жағынан ең бай платформа болды.
Мұндай нәтижеге даярланған мамандарды жедел жұмылдыру есебінен қол жеткізілді: Satbayev University-де курс бойынша 619 адам және онлайн-режимді техникалық қолдау және контент әзірлеу үшін мамандандырылған продакшн-студия жұмыс істейді. Студенттердің оқу материалын меңгеруін бақылау жасанды интеллект негізінде прокторингтің электрондық жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, университеттің курстары қысқа әрі тиімділігімен ерекшеленеді, бұл мобильді әлем жағдайында модульдік оқыту үшін маңызды.
Университет пандемияға байланысты ашық онлайн-курстарды пайдалануды өз тәжірибесіне белсенді енгізе бастады. Қазіргі уақытта бұл жұмыс ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше жаңа бағытына серпін берді.