Сауд Арабиясының Ұлттық әл-ауқат қоры АҚШ-тың технологиялық компанияларының, соның ішінде Alphabet, Zoom және Microsoft-тың бағалы қағаздарын сатып алды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Басылымның мәліметінше, қор Alphabet-тің A класыны 213 мың акциясын, Zoom-ның A класты 4,7 млн акциясын және Microsoft-тың 1,8 млн акциясын сатып алған. Ұйым АҚШ құнды қағаздарына 7 млрд доллардан астам инвестиция салды.
Ұлттық әл-ауқат қоры екінші тоқсанда Сауд Арабиясының мұнайдан түскен кірістерінің өскеніне байланысты активтерге инвестицияларын ұлғайтты. Маусым айында қор 100 млн Embracer Group-тың бағалы қағаздарын сатып алып, компьютерлік ойындар шығаратын швед компаниясының екінші иесі болды.