Қазақстанда бидайдың орташа өнімі күтілуде

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда бидайдың өнімділігі орташа көп жылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.

Биыл Қазақстанның солтүстік жартысында жаздық бидайдың өнімділігі орташа көп жылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.. Бұл туралы Қазгидрометтің болжамында айтылған.

Алдын ала есептік деректерге сәйкес, орташа көп жылдық мәндерге жуық және одан жоғары:

  • Қостанай облысының Денисов, Қамысты, Қарабалық және Федоров аудандары;

  • Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандары;

  • Ақмола облысы Сандықтау ауданы.

Орташа көп жылдық мәндерге жуық:

  • Павлодар және Қарағанды облыстарында.

Нормадан жоғары:

  • Алтайда, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы.

  • Ақтөбе облысында, Мұғалжар ауданын қоспағанда.

  • Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек және Сырым аудандарын қоспағанда.

Өнімділіктің соңғы болжамы, тамыз айының басында нақтыланады.

Добавить комментарий