ШҚО-да 2030 жылға қарай өсірілетін балық көлемін төрт мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов форель өсірумен айналысатын шаруашылықтарды аралады, деп хабарлады өңір басшысының Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.

«Бүгін форель өсірумен айналысатын шаруашылықтардың жұмысымен таныстым. Кәсіптің бұл түрімен жақында айналыса бастағандықтарына қарамастан, қарқынды түрде дамуға мүмкіндігі бар бизнес деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені, адам баласы аптасына кем дегенде 150 грамм балық жеуі керек, ал Шығыс Қазақстан тұрғындары арасында йод жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселе бар екенін ескерсек, балықты рационға қосу қажеттігі айтпаса белгілі. Менің ойымша, көптеген адамдар осы фермаларда өсірілген форельдің сапасын сынап та көрді. Бұл — экологиялық таза өнім», — деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, шаруашылықтардың өз жұмысында қазақстандық кәсіпорындар өндірген материалдарды пайдалануы да қуантады. Балық халықаралық тәжірибеге сай өсіріледі.

«2030 жылға қарай өңірде өсірілетін балық көлемі 4 мың тоннаға жетуі тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл — нақты мүдде. Қазір Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы Маминнің тапсырмасына сәйкес, біз нақты индикаторлар мен субсидиялау, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу және басқа да мемлекеттік қолдау шараларының басым бағыттары көрсетілген балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірледік», — деді Даниал Ахметов.

Осының барлығы бизнестің осы түрін тартымды етеді және басқа шаруашылықтарға балық өсірумен айналысуға мүмкіндік береді деп атап өтті. Өйткені өңірде ол үшін барлық қажетті табиғи-климаттық жағдайлар бар.

«Жақын арада біздің өңір балық экспорты бойынша көшбасшылардың біріне айналатынына сенімдімін деп, Қазақстан халқы балықты тұтыну бойынша 134-ші орында тұр деп толықтырды», — деп атап өтті аймақ басшысы.

«Мемлекеттік деңгейде қолдау нарықты отандық өндірістің түрлі балық өнімдерімен толтырады деп ойлаймын», — деп түйіндеді ШҚО әкімі.

Добавить комментарий