Интернет-алаяқтар қантты арзан бағада сатқан

Olx порталының қызметкерлері Қазақстанның интернет желісіндегі алаяқтардан абай болуды ескертеді. Олардың мәліметінше, алаяқтар қантты алдын ала төлеу шартымен арзан бағада сатып алуды ұсынады.

Olx қауіпсіздік қызметі 878 есептік жазбаны және қант сатуды ұсынған алаяқтардың 3000-ға жуық хабарландыруды бұғаттады, деп хабарлады сервистің баспасөз қызметі.

Olx интернет алаяқтардың қант бағасынан әлдеқайда төмен бағада сататынын және алдын ала төлеуді талап ететінін ескертеді.

«Тараптар платформаның қатысуынсыз өздері жеке келіседі. Бірақ модерация қызметі қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Біз әрдайым полиция органдарымен ынтымақтасамыз», — деп сендірді сервис.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов осы аптада заңсыз қант сатушылардың, оның ішінде интернеттегі алаяқтардың жолын кесуді тапсырды.

Добавить комментарий