ШҚО: Ағайынды үш жігіт ірі мөлщерде гашишпен сауда жасағаны үшін ұсталды

Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарын өткізуді реттеген қылмыстық топты анықтады.

Ұсталғандарға 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарын жеткізу мен өткізудің ірі арнасының жолын кесті.

ҚР ІІМ мәліметінше, арнайы операция барысында күдіктілерден құны 15 миллион теңгеден асатын есірткі заты тәркіленген.

Белгілі болғандай, туған ағайындары көмекшісімен бірге заңсыз бизнес ұйымдастырып, еліміздің оңтүстік өңірлерінен Шығыс Қазақстанға есірткі жеткізу арнасын құрған.

Есірткі сатушылардың схемасын тәртіп сақшылары мұқият ұйымдастырылған жедел әзірлемелер барысында ашты. Ағайындылар логистикалық компанияның қызметін Алматыдан Өскеменге есірткі тасымалдау үшін пайдаланған.

«Тауар» алғаннан кейін олар ШҚО облыс орталығы аумағында өткізу арналарын ұйымдастырған.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 157 полимерлік орамаға оралған есірткі затын тәркіледі.

Жеткізіп беру арнасын ұйымдастыруға, сондай-ақ есірткі өткізуге қатысы бар үш адам ұсталып, қамауға алынды. Олардан 7,5 килограмнан астам «гашиш» есірткі заттары алынды, олардың ішінде құны 15 миллион теңгеден асатын 1,5 мыңға жуық біржолғы доза дайындауды және сатуды жоспарлаған, — деді ШҚО ДП бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Тергеу жалғасуда. 1977, 1979 және 1980 жылы туған ағайындылар 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Добавить комментарий