Қазақстандық балаларды сапасыз білімі үшін кім жауап береді

Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқыту форматынан туындаған оқушылардың білім алуы кезіндегі олқылықтарға қатысты мәселені тек формалды түрде шешім қабылдады.

Қазақстандық оқушыларды оқыту кезіндегі олқылықтарды жою үшін оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап балалар мектептерде қосымша сабақтарға қатыса алады.

Сонымен қатар, ата-аналарға бұл сабақтардың тек мұғалімнің қалауы бойынша ғана өткізілетінін хабарлайды.

«Қосымша сабақтар үшін бес адамға дейінгі топттарды мүмкіндік ретінде қабылдау қажет. Бұл әрбір мұғалім міндетті түрде бес адамнан топ құрып, айналысуы тиіс дегенді білдірмейді. Біз қашықтықтан оқытуды бақылаудың нәтижелеріне сүйене отырып, осындай ұсыныстар жасадық», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық кеңесінде.

Жеңіл тұжырымдардың артында індет кезінде оқытуды жетілдіру, сапасыз көрсетілген білім беру қызметін жою туралы жүйелі шешім жоқ деген ащы шындық бар.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға (9, 11, 12 сыныптар) мектептерге аралас оқу форматында (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қайтаруға рұқсат берді.

Сонымен қатар, оқушыларды оқыту кезінде түсінбеген тақырыптарын түсіндіру үшін сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Добавить комментарий