Қазақстан мен Ресей Президенттері қос елдің ынтымақтастығы мәселесін талқылады.
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты.
Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.