Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі жабылды

Қазақстан Үкіметі 2023 жылғы 22 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны қабылдады.

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

2023 жылдың 1 ақпанында ҚР Сауда министрлігі Ресейде сауда өкілдігін жабатынын, себебі оның алдына қойылған барлық міндеттер шешілгенін түсіндірді. Осыған байланысты оның қызметкерлерін оңтайландыру аясында оларды басқа елдерге жіберу туралы шешім қабылданды.

Ведомствода бұл шешім Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігінің жұмыс істеуіне және жалпы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға әсер етпейтінін атап өтті.

Сауда министрлігі Ресей Федерациясы әлі де Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті.

Добавить комментарий