Кременчуг: Батыс сауда орталығында болған жарылыстарға қатысты пікір білдірді

Батыс елдерінің өкілдері Кременчугта болған жарылыстарға қатысты пікір білдірді. Украина президенті «Амстор» сауда орталығы Ресей әскеріне ешқандай қауіп төндірмегенін хабарлады.

Сауда орталығында 18 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алғаны хабарланды. 40-тан астам адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Германия, АҚШ, Канада, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония сынды елдердің басшылары мен өкілдері 27 маусым, дүйсенбі күні Эльмаудағы саммиттің Twitter-дегі ресми аккаунтында осы жайында өз пікірлерін жариялады.

«Біз, G7 елдерінің көшбасшылары, Кременчугтағы сауда орталығына жасалған шабуылды қатаң айыптаймыз. Біз Украинамен бірге осы шабуылдың жазықсыз құрбандарын жоқтап отырмыз. Бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдар әскери қылмыс болып табылады. Ресей президенті Путин мен басқа да кінәлі азаматтар жауапқа тартылады», — делінген мәлімдемеде.

G7 елдерінің көшбасшылары «Украинаны толық қолдайтынын» растады, сондай-ақ украиндықтарға қаржылық, гуманитарлық, сондай-ақ әскери қолдау көрсетуді жалғастыратынына сендірді.

«Ресей Украинаға қарсы аяусыз және негізсіз соғысын тоқтатпайынша тыным таппаймыз», — деп толықтырды саясаткерлер.

АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк 27 маусым, дүйсенбі күні кешке Twitter-дегі аккаунтында орын алған жағдайға түсініктеме берді. Ол бейбіт тұрғындарға жасалған жаудық жойқын соққысының зардаптарын көргенін атап өтті.

«Кременчугта адамдар толы болған сауда орталығына Ресейдің зымыран соққысынан кейінгі жарияланған жаға ұстатарлық хабарламалар мен суреттер келіп түседі. Әлем Кремльді Украинадағы жабайылығы үшін жауапкершілікке тартады», — деп жазды Бринк.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter-дегі парақшасында: «Біз украиналық серіктестерімізді қолдап, ресейліктерді, оның ішінде бұл шабуылға кінәлілерді жауапқа тартуды жалғастырамыз», — деп атап өтті ол.

«Бұл шабуыл Ресей көшбасшысының асқан қатыгездігі мен жабайылығын тағы да көрсетті. Путин мұндай әрекеттер Ұлыбритания мен G7 елдерінің Украинаға қанша көмек керек болса, сонша көмек беруге деген батылдығын нығайта түсетінін түсінуі тиіс».

Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель: «Кременчугтегі сауда орталығына ресейлік зымырандармен бейберекет шабуыл жасалды. Ресейдің қорқыту тактикасы ешқашан іске аспайды. Украина G7 бойынша серіктестерінің қолдауымен жеңіске жетеді», — деп жазды саясаткер.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Twitter-дегі парақшасында былай деп жазды: «Бұл ешқандай кінәсі жоқ, бейбіт тұрғындарға жасалған жаға ұстатарлық және айуандық шабуыл, мен барлық зардап шеккендерге көңіл айтамын». Ол агрессор елдің соққысының салдары көрінетін видео жариялады

Литва Президенті Гитанас Науседа: «Украина әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің кең көлемде жеткізілуіне мұқтаж. Көп мөлшерде және тезірек жеткізілу керек. Украинаны қолдаймыз!», — деді Литва Президенті.

Украина президентінің айтуынша, Кременчугтағы сауда орталығына жасалған соққыдан қаза тапқандардың санын ойлаудың өзі мүмкін емес, өйткені онда 1000-нан астам адам болған.

Зеленский «Ресей мемлекеті әлемдегі ең ірі лаңкестік ұйымға айналды. Бұл — факт. Әрі бұл заңды түрде факт болуы тиіс. Әлемдегі әрбір адам ресейлік мұнайды сатып алу немесе тасымалдау, ресейлік банктермен байланыс орнату, Ресейге салық пен баж салығын төлеу — террористерді қаржыландырумен пара-пар екенін білуі тиіс».

Мәскеу Ресей армиясы зымыран шабуылын жасағаны туралы ақпараттың шынайылығын жоққа шығарып, оны жалған деп атады.

Добавить комментарий