Алматыда Түрксіб ауданындағы Huseinoff супермаркетінде өрт шықты.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖД жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты (55 қызметкер және 15 техника бірлігі). Оқиға орнында штаб орнатылып, өрт сөндіру автосатысы жұмылдырылды. Сағат 11:06-да өрт оқшауланды, — деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметі.