Ақмола облысындағы шахтада ер адамның денесі табылды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36915-1660903345-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ақмола облысындағы шахтада ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, марқұм 23 жаста болған.

Ақмола полицейлері Бестөбе кентіндегі шахта аумағында СҚО тұрғынының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады полиция департаменті.

17 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына Бестөбе кентінде «Западная» шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Болжам бойынша, ер адам шахтаға заңсыз кіруге әрекет жасаған кезде өмірмен үйлеспейтін жарақат алған.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 269-1-бабы 3-бөлігі (күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Добавить комментарий