Бас прокуратура Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қайта қараудан бас тартты

Бас прокуратура Нұрқаділовтің өліміне қатысты туралы істі қайта қараудан бас тартты.

Бас прокуратурада мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты істі қайта қараудан бас тартты, деп хабарлайды «Неге» сайты.

Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне байланысты қылмыстық істі қайта қарауды сұрап, Бас прокуратураға арыз жазды. Ресми болжам бойынша, саясаткер өзіне қол салған. Бас прокуратура істі қайта қарауға негіз жоқ деп жауап беріпті.

Іс 2006 жылдың қарашасында жабылған. Тергеу кезінде Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қол салғаны анықталған жоқ.

«Олар расымен де істі архивтен алды, қарады. 7 үлкен томды қарап шығыпты, сосын: «іс сол кезде дұрыс тергелген, суицид болған» жауап берді, — деді Қайрат Нұрқаділов.

Ол істі неге қайта қарағылары келмегені маған жұмбақ екенін айтты.

Заманбек Нұрқаділов — 2004 жылдың наурыз айында оппозицияға өткен Қазақстанның жоғары лауазымды мемлекеттік қайраткерлерінің бірі. 2005 жылы 12 қарашада Нұрқаділов өз үйінде жүрек тұсынан және басынан оқ оқ тиген күйде табылды.

Добавить комментарий