Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

Ерлан Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды деп хабарлайды.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қарқынды терапия жансақтау бөлімінде санитар болып бастаған. 1997-1999 жылдары — Алматыдағы ҚР әуе көлігіндегі Орталық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның санитарлық дәрігері, эпидемиолог-дәрігері.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдың 20 наурызынан бастап ҚР бас мемлекеттік дәрігері лауазымын Жандарбек Бекшиннің орнына Айжан Есмағамбетова атқарған.

Добавить комментарий