
ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы — атқарушы хатшысы Сергей Лебедев ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) келесі отырысы 2022 жылғы 15 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетінін айтты.
Бұл туралы ол жұма күні Душанбеде өтіп жатқан СІМК пленарлық отырысында айтты.
«ТМД елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын 2022 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады Лебедев.