Қытайда «Омикрон» штамының жаңа түрі анықталды.
Қытайдың шығысында орналасқан Цзянсу провинциясындағы Сучжоу қаласында Омикронның жаңа түрі анықталды.
28 наурызда қалалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығы, коронавирус штаммының жаңа нұсқасын анықтады, содан кейін геномды секвенирлеу жасалды.
Орталықтағылар анықталған жаңа нұсқа туралы көбірек білу үшін талдау және салыстыру жұмыстарына уақыт қажет екенін атап өтті.
ДДСҰ мәліметінше, бүкіл әлемде 487 млн-ға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6,1 млн-нан астам адам қайтыс болды.