Нидерланды СІМ хабарлағандай, елден ресейлік 17 дипломат шығарылады. Хабарламада айтылғандай, мұндай қадамға «жалпы және әскери барлау қызметтерінен алынған ақпарат» негіз болды.
«Бүгін Ресейдің [Нидерландыдағы] елшісі СІМ-ге шақырылды, — деп мәлімдеді ведомство өкілі. — Елшіге Нидерландыдан 17 барлау офицері жіберілетінін хабардар етті».
Мұндай қадамға «Нидерландыдағы Ресей өкілдіктерінің жанынан дипломат ретінде аккредиттелген тұлғалар барлау жқмыстарын жасырын жүзеге асырғанын куәландыратын жалпы және әскери барлау және қауіпсіздік қызметтерінен алынған ақпарат» негіз болды.
СІМ хабарлағандай, аталған тұлғалар қалаусыз деп танылды, ал оларды ел аумағынан шығару ұлттық қауіпсіздікті қорғау шаралары аясында жүзеге асырылуда.
«Тәжірибе көрсеткендей, Ресей мұндай шараны жауапсыз қалдырмайды, — деді Нидерланды Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра. — Біз бұл мәселеге болжам жасай алмаймыз, дегенмен СІМ әртүрлі сценарийлерге дайын».
Бұған дейін бірқатар ЕО елдері, оның ішінде Болгария, Латвия, Литва, Польша, Словакия және Эстония ресейлік дипломаттарды елден шығарып жібергенін жариялаған.
Ресей билігі Нидерландыда консулдық қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді Мәскеу ресейлік дипломаттар елден шығарылғаннан кейін Нидерланд аумағында консулдық қызмет көрсетуден бас тартқанын мәлімдеді. Нидерландыдағы Ресей елшілігі жексенбі күні Нидерланд билігінің дипломатиялық мекеме қызметкерлерінің бір бөлігін тыңшылық жасады деген күдікпен елден шығару туралы шешімінен кейін консулдық қызмет көрсетуге шектеу қойылғанын жариялады. Бұл туралы…
2021 жылдың қаңтар айында Албания үкіметі Ресей дипломатын елден шығарып жібергенін жариялады. Оған дипломатиялық өкілдің карантиндік режимді бұзуы себеп болды. Албания үкіметіне бұл әрекет ету үшін сылтау болған сияқты. Албания осы арқылы Ресейге ресейлік өкілдердің әрекетінен тек Албанияға ғана емес, жалпы әлемге де теріс әсерін тигізіп жатқанының айқын белгісін көрсетті.…
Ресейдің Нидерландыдағы елшісі Александр Шульгиннің мәліметі бойынша, қазіргі таңда елдегі ресейлік дипломаттардың саны небәрі бес адамға дейін қысқартылды. Бұл 2022 жылғы наурызда Нидерланд билігі Ресей елшілігінің 17 қызметкері персона нон грата деп жариялады. Нидерланд аталған дипломаттарды ресейлік арнайы қызметтермен бірлесіп жұмыс жасады деп айыптады. Айта кету керек, 2023 жылдың ақпан…