Ресейдің дипломаттары әр түрлі елдерден шығарылып жатыр

2021 жылдың қаңтар айында Албания үкіметі Ресей дипломатын елден шығарып жібергенін жариялады. Оған дипломатиялық өкілдің карантиндік режимді бұзуы себеп болды. Албания үкіметіне бұл әрекет ету үшін сылтау болған сияқты. Албания осы арқылы Ресейге ресейлік өкілдердің әрекетінен тек Албанияға ғана емес, жалпы әлемге де теріс әсерін тигізіп жатқанының айқын белгісін көрсетті.

Өткен жылы РФ-ның көптеген дипломатиялық өкілдері әлем бойынша әр түрлі елдерден шығарылды. Негізінен тыңшылықты сылтау етеді. Оларды құпия мәліметтерді жинады немесе қажетті құпия ақпаратқа ие жергілікті тұрғындармен байланысты деп айыптады.

2020 жылы ресейлік дипломатиялық өкілдердің басым бөлігі Болгариядан шығарылды. Болгария оларды тыңшылық жасады, Болгариядағы оқу-жаттығуларда болған америкалық әскерилер туралы ақпарат жинады, елдің әскери және өнеркәсіптік кешендері туралы құпия деректерге қол жеткізе алатын болгар азаматтарымен байланыс орнатты және пара берді деп айыптады. Жалпы алғанда, Ресейдің 7 өкілі ел аумағынан шығарылды.

Сондай-ақ Чехия екі ресейлік дипломатты нон грата тұлғасы деп жариялап, елден кетуін сұрады. Прага мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас 2020 жылға дейін айтарлықтай шиеленіскен жағдайда болды. 2014 жылдан бастап Чехия СІМ РФ елшілігінен 150 адамнан тұратын қызметкерлер штатын қысқартуды талап етіп келеді.

16 тамызда Словакия үш ресейлік дипломатты елден кетуді ұсынды. Олар РФ барлаушысы деп есептелген. Әр түрлі дереккөздердің мәліметінше, Словакияда жұмыс істейтін ондаған ресейлік дипломатиялық өкілдің шамамен 30%-ы тыңшылық қызметін атқарады.

2020 жылдың жазының соңында Норвегияда ресейлік дипломат шығарылған болатын. Ол Ресейдің пайдасына құпия мәліметтер жинады деп айыпталған жергілікті тұрғынмен байланысты болды. Норвегия азаматы дипломатиялық қызмет атын жамылып жұмыс істеген ресейлік барлаушымен кездесу кезінде қолға түсті.

2020 жылдың жаз айында Австрия Ресейдің дипломатын елден шығарды. Австриялық БАҚ ресейлік дипломат ұзақ жылдар бойы оған құпия мәліметтер жеткізіп отырған Австрия азаматымен ынтымақтастықта болғанын жазды.

Нидерланд желтоқсан айында екі ресейлік дипломат елден кетуге міндетті деп жариялады. Олар нанотехнология саласында ақпарат жинаумен айналысқан барлаушылар болған деп болжанды.

2020 жылдың соңында Колумбия Ресей Федерациясының дипломатиялық қызмет атын жамылып екі барлаушыны елден шығарған болатын. Олар екі жыл бойы экономикалық және әскери салада барлау жұмыстарын жүргізді.

Жоғарыда аталған жағдайларда Мәскеу өзінің дипломаттарының тыңшылық немесе басқа да заңсыз әрекеттерін жоққа шығарады. Әдетте барлау жұмыстарын әлемнің барлық елдері жүргізеді. Көбінесе, елдер оған шеттен шығып кеткенге дейін көз жұмып қарайды. Көріп отырғанымыздай, карантиндік шектеу шараларын бұзғаны үшін дипломатты шығару өзіндік бір «белгі» болып табылады. Қазіргі таңда көптеген елдер Ресей Федерациясының ықпалын тоқтатуға тырысып жатыр.

Добавить комментарий