Қазақстан бойынша сәрсенбі, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бүгін, сәрсенбі, 2022 жылғы 13 қыркүйекте елдің батысы мен шығысында жаңбыр жауады деп күтілуде.

«ҚР аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда-тұман және үсік жүреді. Батыс, Шығыс өңірлер әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етіп, жауын-шашынды ауаөрайы күтіледі, батыста найзағай болады. ҚР басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты,  жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады,  күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Шымкентте аздаған бұлтты,  жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.

Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23 +28, түнде +10 +15 жылы болады.

Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +26 +31, түнде +10 +15 жылы болады.

Атырау облысында батыста басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23 +28 (батыста + 20), түнде +10 +15 (оңтүстікте + 18) жылы болады.

Маңғыстау облысында күндіз +23 +28 (оңтүстікте + 31), түнде +15 +20 (солтүстік-шығыста +10) жылы болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 17 + 22 (оңтүстікте + 25), түнде + 7 + 12 (оңтүстікте + 25) жылы болады.

Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 20 + 25, түнде + 7 + 12 жылы болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады деп күтілуде. Күндіз +19 +24, түнде +7 +12 (солтүстікте + 4) жылы болады.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз +17 +22, түнде +3 +8 (солтүстікте — 2 дейін үсік жүреді).

Ақмола облысында түнде солтүстік-батыста -2-3 үсік жүреді деп күтілуде. Күндіз +13 +18, түнде + 1 + 6 жылы болады.

Алматы облысында күндіз + 20 + 25, түнде + 6 + 11 (оңтүстік-шығыста + 3).

Жетісу облысында күндіз +19 +14, түнде +7 +12 жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында -2-3 үсік жүреді деп күтілуде. Күндіз +14 +19, түнде 0, +5 жылы болады.

Павлодар облысының шығысында -2-3 үсік сақталады. Күндіз + 11 + 16, түнде + 1 + 6 жылы болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында -2-3 үсік сақталады. Күндіз + 11 + 16 (оңтүстікте + 20), түнде 0, + 5 (оңтүстікте + 8).

Қостанай облысында түнде солтүстікте топырақ бетінде -1-3 үсік сақталады. Күндіз + 15 + 20 (оңтүстікте + 23), түнде + 1 + 6 (оңтүстікте + 9) жылы болады.

Ұлытау облысында түнде солтүстікте топырақ бетінде -1-3 үсік сақталады.

Абай облысында түнде солтүстікте топырақ бетінде -1-3 үсік сақталады. Күндіз +10 +15 (оңтүстікте +18), түнде 0, + 5 (оңтүстікте + 8) жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысында шығыста топырақ бетінде -1-3 үсік сақталады. Күндіз +13 +18 (шығысында +10), түнде 0, +5 (оңтүстігінде + 10) жылы болады.

 

Добавить комментарий