АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ковидке тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, ол ауруды жеңіл өткеріп жатқаны хабарланды.
«Мен ковидке тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты. Менде тұмаудың белгілері байқалады, бірақ өзімді жақсы сезінемін», — деп жазды 74 жастағы Клинтон Twitter-дегі парақшасында.
Клинтонның айтуынша, 1993-2001 жылдары АҚШ-тың 42-ші президенті болған Билл Клинтон коронавирусқа тест тапсырды, бірақ оның нәтижесі теріс шықты. Дегенмен, Ақ үйдің бұрынғы басшысы уақытша өзін-өзі оқшаулайды.