ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасыз қызметінде өткен брифингте Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізілетінін айтты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді екенін хабарлады: «Спутник V, «Синофарм», «QazVac».
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың төртінші тоқсанында коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде, — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ол тиімділігі жағынан шетелдік баламалардан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдайтынын атап өтті.
Өткен айда QazVac вакцинасы 650 мың доза көлемінде өндірілді, осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтілуде, — деп түйіндеді Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметке Pfizer вакцинасын қазақстандық нарыққа жеткізілуіне кесір тигізген лауазым иелеріне шара қолдануды тапсырған болатын.