ДДСҰ COVID-19-ды емдейтін тағы бір препаратты мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған тағы бір препаратты мақұлдады.

Аталып өткендей, ұйым моноклональді антиденелерге жататын тоцилизумабты коронавирусты жұқтырған науқастарды емдеуге арналған препараттар тізіміне енгізді. Бұл ДДСҰ COVID-19-ға қарсы күрес үшін мақұлдаған алтыншы препарат.

«COVID-19-дың ауыр немесе өте ауыр түріне шалдыққан пациенттердің денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін иммундық жүйесінің реакциясы шектен тыс болады. Мұндай шектен тыс иммундық реакцияны интерлейкин-6 ингибиторлы препараттар, оның ішінде тоцилизумаб басады. Емдеудің стандартты схемасымен салыстырғанда бұл препараттар аурудың ауыр немесе өте ауыр түрін жұқтырған пациенттерге өлім ықтималдығын 13 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті БҰҰ жаңалықтары.

 

Добавить комментарий