Қазақстанда 2022 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан.
Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
«қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ;
«сары» аймақта ешқандай өңір жоқ;
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.