Тироль: Ресейдің құрметті консулы өкілеттігін тоқтатты

Ресейдің Тиролдағы құрметті консулы (Австрияның батысындағы федералдық аймақ) өз өкілеттігін тоқтатқанын жариялады.

Австриялық ORF телекомпаниясы құрметті консул Ханс Унтердорфер Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты осы қызметте сегіз жыл жұмыс істегеннен кейін өкілеттігін тоқтатты деп мәлімдеді.

Унтердофер осыдан сегіз жыл бұрын РФ-ның Австриядағы бірінші құрметті консулы аттанды. Құрметті консулдың міндеті екіжақты қарым-қатынасты жақсарту және экономикалық байланыстарды қолдау. Унтердорфер Украинадағы соғысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды телерадиокомпания.

Австрияда осы уақытқа дейін РФ-ның төрт құрметті консулдығы болды: Инсбрук, Грац (Штирия федералды аймағы), Форарльберг федералды аймағында, Астен қаласында (Жоғарғы Австрия федералды аймағы).

Добавить комментарий