Келесі аптада Киевтегі елшіліктің жұмысы қайта басталады, деп хабарлады Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлыбританияның Киевтегі елшілігі РФ ҚК-нің Киев бағытындағы әскери белсенділігінің төмендеуіне байланысты келесі аптада жұмысын қайта бастайды.
Бұл туралы жұма күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Үндістанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Украина президенті [Владимир] Зеленский мен Украина халқының Киевтегі Ресей әскерлеріне төтеп берудегі жетістігі Украина астанасындағы елшілігіміздің жұмысын келесі аптада қайта бастауымызға мүмкіндік берді», — деді ол.