ҚХР биоқаруды бақылауға алуды талап етті

Қытай дипломаты Хуа Чуньин АҚШ-тың өзге мемлекеттермен биотехнология туралы маңызды ақпарат алмасуды бақылауға алатын механизмді құруға келісу керек деп мәлімдеді.

Қытай билігі АҚШ-тың биологиялық қару саласындағы әскери әзірлемелеріне қатысты Ресейдің алаңдаушылығын бөлісіп, мұндай қызметке тиімді халықаралық бақылау орнату қажет деп санайды. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді.

«Біз америклық тарап АҚШ зертханаларында жүргізіліп жатқан биологиялық эксперименттермен байланысты жобалардың толық ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, нақты шаралар қабылдауды талап етеміз, — деп атап өтті ол тұрақты брифингте РФ Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші хатшысының орынбасары Юрий Аверьяновтың жақында берген мәлімдемесіне түсінік бере отырып. — Пекин Вашингтонға бірнеше рет Құрама Штаттардағы және одан тыс жерлердегі биологиялық зерттеулерді милитаризациялауға байланысты мәселелерде толық ашықтықты талап етті».

Дипломаттың айтуынша, қалыптасқан жағдайда АҚШ өзге мемлекеттермен биотехнологиялар туралы маңызды ақпаратпен тиімді алмасуды қамтамасыз ететін бақылау тетігін құруға келісім беруі тиіс. «Бұған барлық әлемдік қауымдастық мүдделі, — деп нақтылады ол. — Ең өкініштісі — Құрама Штаттар басқа елдердің, оның ішінде Ресейдің алаңдаушылығына мән бермеуде».

Аверьянов айтып өткендей, АҚШ пен НАТО елдері РФ төңірегінде биолабораториялар желісін кеңейтуде. Оның айтуынша, онда өсірілген қауіпті микроорганизмдер қоршаған ортада кездейсоқ тап болып, халықтың жаппай зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.

Добавить комментарий