Әскерге шақырылушыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беріледі

Қазақстанда әскерге шақырылушыларға банктік несиені кейінге қалдыру, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беру ұсынылады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі жас қазақстандықтарға әскерге бару үшін қосымша қолдау көрсету үшін ұсыныстар әзірлеп жатыр.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқанының алдында жастардың әскери қызмет деген ынтасын арттыру жөніндегі бірқатар ұсыныстарды жария етті.

Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау шараларын заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды.

Атап айтқанда әскери қызметшілердің мерзімді әскери борышын өтеу кезеңінде олардың отбасқы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беру ұсынылады.

Қорғаныс министрлігі ұсынып отырған мерзімді әскери қызмет кезеңінде несиені кейінге қалдыру жас қазақстандықтар үшін қосымша қолдау болмақ.

Әскери ведомство басқа да, оның ішінде білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады.

Одан бөлек, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, сарбаздар борышын өтеген кезеңде экономиканың нақты секторында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды алу жөніндегі тапсырмасы да іске асырылуда.

Добавить комментарий