ҚР Президенті патшайымның қайтыс болуына байланысты британдықтарға көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қ.R. Тоқаев патшайым II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты Британия халқына көңіл айтты.

Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін, деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.

«Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған күш-жігерді ілгерілетуде көшбасшы болды. Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімі», — делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 8 қыркүйекте 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ұлыбританияның жаңа патшасы Елизавета II ұлы, Чарльз ханзада Карл IIІ есімін иеленді, Ұлыбританияда және британдық достастықтың 50-ден астам елінде ұлттық аза тұту басталды, ол 10 күнге созылады.

Добавить комментарий