Қаржы министрлігі мобильді төлемдерді фискализациялау туралы заңға қатысты түсініктеме берді

Қаржы министрлігі Қазақстанда қабылданған мобильді төлемдерге қатысты заң нормаларын түсіндірді.

Жаңа заңда «мобильді аударма» және «мобильді төлем» екі бөлек көрсетілген. Жаңа нормалар 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

20 желтоқсанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске түзетулер енгізілді. Келесі жылдың наурыз айында қандай жаңашылдық күшіне енетінін ҚР Қаржы министрлігі хабарлады.

Заңнамада «мобильді аударма» және «мобильді төлем» екі бөлек көрсетілген. Төлем тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. Мұндай салық декларацияларында кәсіпкерлердің табыстарын дұрыс көрсетуге әкеледі.

Кәсіпкерлер, бұрынғыдай, мобильді төлем алғаннан кейін тұтынушыға кассалық чек беруі керек. Мобильді төлемге қатысты нормалар 2022 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдер бойынша деректер алмасу 2025 жылдан бастап жоспарланып отыр.

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген мораторий аясында 2022 жылдың соңына дейін жеке кәсіпкерлер табыстарынан салық төлеуден босатылғанын еске салды.

Добавить комментарий