Ресейде соғыс кім үшін тиімді: батыстық саясаттанушылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-50934-1679919581-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Орыс халқының «Кому война, а кому — мать родная» деген мақалы бар. Оның мағынасы — соғыс біреудің жанын жалмап, жарымжан қылса, ал басқалары үшін соғыс ырыс болып отыр, көп ақша тауып, ықпалын кеңейтіп жатыр. Украинадағы соғыс та ерекшелік болмады. Кейбіреулер Ресей Федерациясында соғыс ешкімге пайдалы болмайды деуі мүмкін, себебі «ел өркениетті әлемнен оқшауланған, оған бұрын-соңды болмаған санкциялар салынды, Батыс ресейлік элитаның барлық өкілдеріне, саясаткерлерге, олигархтарға, бизнесмендерге қарсы жеке санкциялар салды».

Дегенмен, батыстық саясаттанушылар «элита өкілдері соғыстың мүмкіндігінше ұзаққа жалғасқанына мүдделі» деп сендіреді.

«Кез келген дағдарыстан пайда көретіндер мен зардап шегетіндер болады. Соның жарқын мысалы пандемия. Пандемияның басталуы көбісін құрдымға жіберді (кинотеатрлар, турагенттіктер және т.б.). Пайда көргендер де болды, мысалы, фармацевтикалық компаниялары ірі көлемде жеке қорғану құралдарын (маска, санитайзерлер және т.б.) сатты», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Ресей билігінің жоғары лауазымды шенеуніктері мен олигархтары «батыс элитасының өкілі» мәртебесінен айырылды

Еуропалық сарапшылардың пікірінше, олигархтар мен саясаткерлер осындай ұстанымына байланысты әлемдік элитадағы орнынан айырылуда.

«Бір жағынан Ресей билігінің жоғары лауазымды шенеуніктері мен олигархтар «батыс элитасының өкілі» деген мәртебесінен айырылды. Олар ақшалай активтері, жылжымайтын мүліктерінен ғана емес, батыс елдеріндегі беделі мен ықпалынан айырылды. Бұл адамдардың барлығы әлемдік элитадағы орнынан айырылды, енді олар диктаторлық режим үстемдік ететін елдегі жемқор шенеуніктер мен олигархтар болып қалды», — деп жазады еуропалық саясаттанушылар.

Сонымен қатар, батыстық мамандар РФ-да жемқорлықтың тамырын тереңге жайылған деп отыр. Олардың мәліметі бойынша, ел билігі «аталған адамдардың барлығына Ресей әскерлерінің баса көктеп кіруі салдарынан келтірілген шығындарды өтеп берді, өйткені олардың ақшаны қайдан алғанын біреулері бақылай алмайды, ал басқалары біле алмайды».

Мысал ретінде соғыс кезінде Украина аумағында іссапарға жіберілген шенеуніктердің және әскери іс-қимылдарға қатысатын күштердің кірістері мен мүлкін декларациялаудан босатуда көздейтін заң келтіріледі, оған сәйкес депутаттар мен сенаторлардың табыстары, шығыстары мен мүлкі туралы ақпарат интернетте жеке деректерсіз, жалпы түрде жарияланады.

Фото: Ресей билігінің жоғары лауазымды шенеуніктері мен олигархтары «батыс элитасының өкілі» мәртебесінен айырылды

«Осылайша, бақылау механизмі барған сайын азайып, ресейлік билік жүйесі жабық бола түседі».

Батыстық сарапшылар РФ Бас прокуратурасының Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының қызметін Ресей аумағында жағымсыз деп тану туралы шешім қабылдағанын ерекше атап өтті. Анықтама үшін! Transparency International — үкіметтік емес халықаралық ұйым. Ол өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және түрлі мемлекеттердегі оның деңгейін зерттеуді декларациялайды»

«Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, РФ-да байлар байи береді, ал кедейлер кедейлене түседі және соғыс алаңында жер жастануы мүмкін», — деп түйіндейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий