Ресейдің «қысқы-көктемгі соғысты» сәтсіз аяқталды: Сарапшылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-52792-1682358811-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«Ресей әскерінің ұрыс алаңындағы бірқатар жеңілістерінен кейін ресейлік БАҚ беттерінде Ресей қыста ауқымды шабуыл жасайтыны туралы бірнеше рет айтылды. Бұл шабуылдан кейін Ресейде басымдық болады деп болжанған. Сонымен қатар, Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына жасалған зымыран шабуылдары Украинаның саяси және әскери басшылығы үшін ауыр соққы болады деп хабарланған. Дегенмен қалыптасқан жағдай көрсеткендей, Ресей жоғарыда аталған екі науқанды да сәтсіз аяқтады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Ресейдің Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымға жасаған алғашқы зымыран шабуылдары Украина үшін елеулі зардаптарға алып келді. Бірақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жетілдірілді, бұл зымыран шабуылдарының тиімділігін едәуір төмендетті, сонымен қатар, украиналық энергия жүйесінің операторлары орын алған проблемаларды санаулы күндер ішінде, ал жекелеген жағдайларда — бірнеше сағат ішінде жойды. Энергиямен жабдықтау проблемалары батыс елдерінің көмегімен шешілді.

«Кремльдің қол жеткізген жалғыз жетістігі — Ресейге қарсы салынған санкцияларға байланысты жоғары дәлдікті зымыран қорларының таусылуы», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Сарапшылар Ресейдің Украина аумағындағы жеңілістеріне қатысты пікір білдірді

Олардың пікірінше, РФ-ның шабуылы нәтижелі болмады. «Ресейлдің қысқы шабуылының мақсаты мен міндеттері қандай болды? Біріншіден, Украина Қарулы Күштерін барынша кері шегіндіру. РФ әскері үшін бас қатырарлық проблема тудырмас үшін, Украина әскеріне қарымта шабуылға шыға алмайтындай ету болды. Екіншіден, аталған шабуыл арқылы Ресей әскері кем дегенде Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекараларына кіруді көздегені жасырын емес.

Бүгінгі таңда РФ әскері ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмады, бірақ аталған шабуыл қаңтардың 20-сында басталды. Бахмут әлі күнге дейін алынбады. Ресей осы қаланы басып алған күннің өзінде тактикалық немесе стратегиялық пайда әкелмейді. Бірақ оны басып алу Кремль пропагандасына ресейліктерге өз әскерінің жеңісін көрсетіп, арнайы операция жоспар бойынша жүріп жатыр деп мақтана айтуға мүмкіндік береді «, — деп мәлімдейді саяси технологиялар саласындағы мамандар.

Украина барлау қызметі Ресей әскерінің шығындары орасан зор деп айтып отыр, ал саясаттанушылар «Кремль кез келген жолмен соғыс алаңына мүмкіндігінше көп ресейліктерді тартуға тырысып бағуда. Өз кезегінде, Украина барлау қызметі РФ-да адам шығындарының орнын толтыру үшін бірнеше қаладағы жоғары әскери оқу орындарында түлектердің оқуын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр», — деп атап өтті.

Батыстық сарапшылардың жазуынша, УҚК қарымта шабуылға шығу үшін батыстық техника мен қару-жарақты жинап жатыр. Соңғы айлардың ішінде Киев бірқатар мемлекеттерден рекордтық көлемде әскери көмек алғаны белгілі.

Добавить комментарий