Талдықорғанда аса ірі көлемде синтетикалық есірткісі бар күдікті ұсталды

Талдықорғанда аса ірі көлемде есірткісі бар күдікті ұсталды, ол оның сөмкесінен табылды.

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Алматы облысы ПД ЕҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы барысында Талдықорған қаласының орталығында ҚР ҚІЖК 255-бабына сәйкес жүргізілген жеке тінту кезінде 20 жастағы жергілікті тұрғыннан сөмкеден 2021 жылғы 14 қазанда Сот сараптамасы таныған заты, салмағы 150 грамм синтетикалық есірткі заты бар полиэтилен пакет алынды, — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау»бойынша СДТБТ-де тіркелді

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий