Өткен тәулікте биткоин бағасы күрт төмендеді

CoinDesk криптобиржасы хабарлағандай, өткен тәулікте биткоин бағасы күрт төмендеді.

Оның құны 6%-ға арзандады.

19 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08:31-де биткоин 56 589 доллардан саудаланды. Криптовалюта бағасы бір тәулікте 3900 долларға арзандады. Бір тәулік ішінде Ethereum бағасы 6,37%-ға, 4050 долларға, XRP — 8,29%-ға, 1 долларға төмендеді.

Бұған дейін биткоинның капиталдандырылуы 1 трлн доллардан асқан болатын.

Добавить комментарий