Түркияда 7,8 балдық амплитудалы тағы бір жойқын жер сілкінісі болды.
Келіп түскен ақпарат бойынша, елдің орталық және шығыс бөліктерінде, соның ішінде Анкарада қатты дүмпулер сезілді.
Еске сала кетейік, дүйсенбіге қараған түні Түркияда 7,7 магнитудалы қатты жер сілкінісі орын алған болатын. Елде ең жоғары дабыл деңгейі жарияланды.
Қазақстан СІМ Түркияда орын алған жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтып, үкіметке қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлерді Түркия Республикасына жіберуді тапсырды. Дүйсенбі күні сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Түркияда қаза тапқан немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда шамамен 1 мың адам қаза тапты, көршілес Сирияда шамамен 5,5 мың адам зардап шекті.