ҚР-да ЖЭК үлесін айтарлықтай ұлғайту жоспарлануда

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан жасыл энергетикаға көшу бағдарламасына белсенді қатысуға ниетті екенін айтты.

Ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» конференциясында елімізде көмір мен мұнайды тұтынуды азайту жөніндегі жоспарларын айтты.

Экология министрлігінің басшысы 2017 жылы отын-энергетикалық себеттің 54%-ы көмірден, 24%-ы мұнайдан және 22%-ы газдан болғанын атап өтті.

Энергия ресурстарын түпкілікті тұтыну құрылымында өнеркәсіп пен ғимараттар тиісінше 42% және 40% тұтынды, көлікке тұтынылған энергия ресурстарының 14%-ы тиесілі болды.

Модельдердің есебі көрсеткендей, 2060 жылға қарай бастапқы отын-энергетикалық ресурстар құрылымындағы қазба энергия ресурстарының үлесі 3,4 есеге қысқарып, 29%-ды құрайды, ал ЖЭК үлесі ағымдағы үш пайыздан 70 пайызға дейін өседі, — деді ол.

Бұл жағдайда, есептеулер бойынша 2060 жылы өнеркәсіп секторы барлық энергия ресурстарының 65%-ын тұтынатын болады. Ғимараттардың тұтынуы 23%-ға дейін қысқарады, көліктің энергия тұтынуы 9%-ға дейін төмендейді.

Добавить комментарий