Қазақстанда доллар бағамы қайта көтеріліп келеді

Қазақстанда шетел валютасының бағамы мереке мен демалыс күндері алдында көтерілді. Доллар 2 теңгеге қымбаттады.

KASE-дегі доллардың орташа алынған бағамы 419,69 теңгені құрады

2021 жылғы 5 наурызда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 17:00-дегі жағдай бойынша 419,69 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.

Сауда аптасында ұлттық валюта 1,76 теңгеге әлсіреді. Дүйсенбі, 1 наурыз күні, 15:30-дегі жағдай бойынша орташа алынған бағам бір доллар үшін 417,90 теңге деңгейінде, жұма күні, 5 наурызда — бір доллар үшін 419,66 теңге деңгейінде қалыптасты.

Мереке күндері ұлттық валюта 2 теңгеге әлсіреді — Kapital.kz

KASE ақпараты бойынша, сауда-саттықта ең төменгі бағам бір АҚШ доллары үшін 419 теңге деңгейінде қалыптасты, ең жоғары — 420,20 теңге, жабылу бағамы — 419,80 теңге. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 165 млн 80 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны — 587. kurs.kz мәліметінше, елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 17:00-те 420,5 теңгені, Алматыда — 421,2 теңгені құрады.

Ұлттық банктің ресми бағамы 5 наурызда 1 АҚШ доллары үшін 419,45 теңгені құрады. 6 наурызда ресми бағамды белгілеудің қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 419,66 теңгені құрайды.

Добавить комментарий