Алматы қаласының тұрғыны тұрғын үйдің жертөлесінде қарасора өсірген

Алматылық полицейлер қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде қарасора өсірген ер адамды анықтады.

Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді 45 жастағы ер адам Достық көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан уақытша зертханада өсірген.

«Басқа қоқыстардың арасында Т.есімді ер адам фольга мен ультракүлгін сәулемен жабдықталған қолайлы бұрышты таңдаған, ол жерге қарасора ыдысын қойған. Күдіктінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін осылай тәжірибе жасаған. Егер сәтті болса, ол бұл қылмыстық бизнесті жандандыруды жоспарлады. Бірақ бұл жоспарлар орындалмады, оның заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу-жедел тобы заттай айғақтарды тәркіледі және сараптамаға жіберді», — деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Елнұр Құдратбаев.

Добавить комментарий