Қайғылы оқиға Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде орын алды — 33 жастағы ер адам кеніш құлауынан қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствода хабарлағандай, қайғылы оқиға Ақмола облысындағы Степногорск маңында орналасқан Бестөбе кенішінде 17 қазан күні орын алған.
«Кен орнында өндірістік жұмыстарды жүргізу кезінде тау жынысы құлап, 33 жастағы ер адам ауыр жарақат алды. Құтқарушылар жұмысшыны дәрігерлерге тапсырды, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады — ол ауруханада қайтыс болды», — деп хабарлады ведомство.
«Кеніш штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ТЖ себептері анықталуда», — деп толықтырды ведомствода.
Бұған дейін Ақтөбе облысында ер адам екі аяғынан да айырылғаны — ол вагондарды тіркеп жатқанда, құрам астына түсіп қалғаны хабарланған болатын. Айдың басында Атырау облысындағы жолды жөндеу кезінде қайғылы оқиға орын алды — учаске бастығын байқамай асфальт тегістейтін техниканың жүргізушісі оның аяғына басып кеткен. Ер адамды құтқара алмады