Ұлыбритания тәліптермен әріптестік орнатуға дайын

Біріккен Корольдіктің қорғаныс министрі Бен Уоллес тәліптер белгілі бір халықаралық міндеттемелерді мойнына алса, Ұлыбритания билігі олармен әріптестік орнататынын мәлімдеді.

Ұлыбритания үкіметі Ауғанстан үкіметінің құрамына кіретін болса, «Талибан» қозғалысымен (ҚР-да тыйым салынған) әріптестік орнатады. Бұл туралы Сейсенбі күні Біріккен Корольдіктің қорғаныс министрі Бен Уоллес Daily Telegraph газетіне берген сұхбатында мәлім етті.Оның пікірінше, тәліптер бұрынғы қателіктерін қайталамайды. Олар халықаралық деңгейде көтерілуді қалайды, ал ол үшін бейбітшіліктің жақтаушысы болу керек.

Уоллес атап өткендей, егер белгілі бір халықаралық міндеттемелер сақталатын болса, Ұлыбритания Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға келіседі.

Оның пікірінше, тәліптер бұрынғы қателіктерін қайталамайды. Олар халықаралық деңгейде көтерілуді қалайды, ал ол үшін бейбітшіліктің жақтаушысы болу керек.

Сондай-ақ, Уоллес Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен тәліптерді ондаған жылдарға созылған қарулы қақтығыстан кейін елдегі тұрақтылықты қалпына келтіру үшін әріптестік орнатуға шақырды.

Үкімет күштері мен тәліптер арасындағы қақтығыстар АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесінен кейін жандана түсті. Ол 14 сәуірде Америка тарихындағы ең ұзаққа созылған шетелдік әскери науқан болған Ауғанстандағы операцияны аяқтау туралы шешімін жариялады. 6 шілдедегі жағдай бойынша АҚШ ел аумағынан әскерлерін шығару процесі 90%-ға аяқталды. Сонымен қатар, ауғандық ресми тұлғалар «Талибанның» шабуылы жиілеп кеткенін бірнеше рет хабарлаған.

Добавить комментарий