Ресей Президенті Қарулы Күштердің санын арттыру қажеттігін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин Қарулы Күштердің штаттық санын 2 млн адамға дейін ұлғайтуды тапсырды.

Анықтама үшін! Қазір Қарулы күштерде 1,9 млн адам бар.

Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың басынан бастап РФ Қарулы Күштерінің штаттық санын ұлғайтуды көздейтін жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, 1 қаңтардан бастап РФ Қарулы Күштерінің штатында жалпы 2 039 758 адамды болады, оның ішінде 1,150 млн әскери қызметші. Қарулы күштердің саны 137 мың адамға артады.

Владимир Путин бұған қажетті шығындарды қарастыруды тапсырды.

Путиннің 2017 жылғы 17 қарашадағы Жарлығы бойынша ҚК-ның штаттық саны 1 013 628 әскери қызметшіні қоса алғанда 1 902 758 адамды құрайды.

 

Добавить комментарий