УҚҚ кремльшіл «саясаттанушы» мемлектке опасыздық жасады және украиндықтардың құқығын бұзды деген күддікке ілінгенін жариялады

Саясаттанушы Лазарев мемлекетке опасыздық жасады және украиндықтардың құқығын бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды УҚҚ.

Украина Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) кремльшіл «саясаттанушы» Александр Лазаревға қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Ол мемлекеттік опасыздық пен азаматтардың теңдей құқығын таптады деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, Лазарев Кремль жендеттерімен бірге жұмыс істеп, NewsOne, 112 және Russia Today арналарында дұшпандық нарратив таратқан.

УҚҚ хабарлағандай, Лазарев Ресей Украинаға баса көктеп кіргенде шетелге қашып кеткен, кейіннен Қырымның басып алынған аумағына келіп,  дұшпандық көзқарас тудыратын ақпараттық науқандар өткізуге жәрдемдесті.

Тергеушілер Лазаревті Украина заңнамасына сәйкес мемлекетке опасыздық жасау және азаматтардың теңдей құқығын бұзу баптары бойынша жауапкершілікке тарту үшін кешенді шаралар жүргізеді.

 

Добавить комментарий