Дәрігерлер екі түрлі вакцина алған қарағандылық бойжеткенді қарап тексерді. Олар оның жағдайы қанағаттанарлық, екі түрлі вакцина салдырғаннан кейін ағзасында жанама әсер пайда болмады деп мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетейік! Қарағандыда 19 жастағы қызға Hayat-Vax-тың орнына қателесіп, «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салып жіберген. Дәрігерлер вакцинациядан кейін науқасты толық тексерді. Ол әлі де бақылауда.
«Мамандардың қарап тексеру және консультация нәтижелері бойынша оның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті және жалпы реакциялар байқалмады. Ықтимал болжамды қарау бойынша Ресей мен Қытай мамандарымен консультация мүмкіндігі қарастырылуда», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Науқас анализ тапсырды, УДЗ-дан өтті. Бойжеткенге 14 күннен кейін S ақуызға антиденелер бойынша анализ тапсыру ұсынылды. Қарағанды медициналық университеті кафедрасының меңгерушісі, бас аллерголог және инфекционист науқасқа консультация бер мен бақылау жоспарын құрды.Бұл іс бойынша вакциналау орталығында қызметтік тексеру жүргізілді. 19 жастағы бойжеткенге қате вакцина салған медбикені екпе пунктінде жұмыстан шеттетілді. Сонымен қатар, медбике мен учаскелік дәрігер қатаң сөгіс алды.
Орталықта медицина қызметкерлеріне арналған КВИ-ге қарсы вакциналау мәселелері бойынша кезекті оқыту семинары, сондай-ақ семинар бойынша аттестаттау өткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі аттестаттаудың екінші кезеңі жоспарланып отырғанын атап өтті.
Қарағанды клиникасында екі түрлі вакцина салып жібергеннен кейін, екпе үшін жеке кабинеттер орнастырылды.
Қарағандылық бйожеткен коронавирустық инфекциядан қаншалықты қорғалған және қызда толық иммунитет қалыптастыма, жоқпа белгісіз, билік ол туралы тіс жармады.